30 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтандағы кәсіпорындардың жұмысы тоқтайды — Қазақстан жаңалықтары

0

30 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы барлық кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысы тоқтатылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

цех

Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында айтылды. 

Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады.

Бұған қоса еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал туралы әкімдер Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаев баяндады. 

stan.kz