Home Жаңалықтар 30 мың азамат қол қойып Тоқаевқа петиция жолдады: Көлік «утильсборын» алып тастауды...

30 мың азамат қол қойып Тоқаевқа петиция жолдады: Көлік «утильсборын» алып тастауды сұраймыз

0
5488

Бүгінгі күні қазақстандықтардың басым көпшілігі ескі көлік мініп жүр. Жаңа дегенінің өзі ресейлік сапасыз құрастырылған көліктер. Ал, Жапон мен Еуропа, Корея, АҚШ-тан сапалы, жаңа көлік алуға халықтың қалтасы көтергенімен, оның көлік құралдарын жою төлемін жасауға қауқары жетпей отыр. Осы мәселеге байланысты 30 мыңға жуық азамат қол қойған петиция мемлекет басшысының атына жолданып отыр.

Еститін билік концепциясын жолға қойып отырған президентіміз бұл өтінішті жолда қалдырмайды деген үміттеміз.

Төменде сол он мыңдаған азаматтың қолы қойылған петицияны назарларыңызға ұсынамыз.

«Автокөліктің қалдықтарын жою төлемін азайтуды сұраймыз

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы !

Құрметті мемлекет басшысы. Сізге өтініш жазуға мәжбүр болып отыруымыздың басты себебі- автокөліктің бағасының күн сайын шарықтап өсуі біздің жағдайымызды одан сайын төмендетіп жатыр.  2016 жылдан бастап Қазақстанда автокөлік өнеркәсібін көтеру үшін қалдық көліктерді жою кәсібі қолға алынған еді. Қазіргі таңда көліктің қозғалтқышының көлеміне қарай бір көлік 400 мыңнан 6 млн теңгеге дейін бағаланады. Мәселен,  көлемі 2 мың . см³ автокөлікті жинап, жою үшін 1,4 млн теңге қаржы жұмсалады. Ал Европа елдерінде қалдықтарды жою 25-100 мың теңге көлемінде, кейде тіпті төлем де алынбайды.  ҚР Үкіметі мен лоббистері ескіні жою ел экономикасын көтереді деген тезис айтқан еді. Алайда, бұл жағдай тек қана бірер жеке кәсіпорындарға ғана пайдалы. Көлік қалдықтарын жою Қазақстан азаматтарына да  пайда әкеліп жатқан жоқ. Осы мәселені айтып, талай мәрте Үкіметке қоғам белсенділері жариялап жатқанымен тыңдайтын құлақ болмай тұр. Билік өкілдері басқа тауарларға да сол саясатты ұстанады.

Автокөлік құралдарын жою төлемі 5 жыл бойы жалғасып келеді. Миллиардттаған  теңге жиналды. Алайда соны ешкім сараптап, ол ел экономикасына әсіресе қарапайым адамға пайдасын тигізді ме жоқ па, соны ашып зерттеген мекеме де жоқ.  Қазақстан халқы автокөлік құрастырушыларды қолдау үшін тағы қанша жыл қамыт киюі тиіс?

Яғни, қалдықтарды жинауда салықтың барлық белгілері бар екені анық, сонымен бірге, Қазақстан халқы оны жеке компанияға төлеуге міндетті.  Қайта өңдеуге төлем енгізу нәтижелерімен танысып көріңізші!

Автокөліктердің бағасы айтарлықтай өсті. Ең танымал бюджеттік модельдер үшін қалдықтарды жинау шамамен 20-30% құрайды!

Автокөліктердің де орташа жылы артты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,  2016 жылдан бастап көліктердің қалдықтарын жою кәсібі ашылғаннан бері, автопарктер де ескіре бастаған. Сондай-ақ олар еш жаңармаған және толықтырылмаған. Автопарктердің ескіруінен ауаға лас қалдықтар ұшатын болды. Экологияға да қаншама зияны тиіп жатыр.

ЕАЭО елдерімен салыстырғанда Қазақстанда  автокөліктердің бағасы өте қымбат.  Отандық автоқұрастырушыларды қолдаймыз деп, қаржылық пирамиданың құрбаны болып жатқан сияқтымыз. Әлемдік тәжірибе бойынша, экология мен өнеркәсіпті шатастырмау керек. Бізде көп жағдайда Заңға томпақ келетін жағдайлар орын алып жатыр. Көп жағдайда жеке адамдардың мүддесі басым түсіп отыр.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Қазақстанға ашық бәсекелестік пен әділ ойын ережелері қажет. Бұл сіздің тапсырмаңыз бойынша 2019 жылдың 8 қазанынан бастап «ашық аспан» режимі арқылы әуе тасымалында сәтті жүзеге асырылды. Нарыққа бәсекелестердің түсуі тұрғындарға арналған әуе билеттерінің бағасының төмендеуіне әкелді. Сіздің жеке араласуыңызды сұраймыз! Сізден автомобиль құрастыру зауыттарын мемлекеттік қолдау шараларын қайта қарап, автомобильдер үшін қалдықтарды жинауды Еуропа елдерінің деңгейіне дейін төмендетуге тапсырма беруіңізді сұраймыз!»

Петицияның түпнұсқасы