30 млн-ның тойы: Нұр-Сұлтан қалалық ІІД қызметкері баласының тойын дүркіретіп жасады
Желіде Нұр-Cұлтан қалалық ІІД басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаевтың баласының тойын дүркіретіп жасағаны сөз болуда. Бұл туралы телеграм арнада айтылды, деп жазады Kznews.kz тілшісі.
Бақытжан Малыбаев 2019 жылдан бері Нұр-Cұлтан қалалық ІІД басшысының бірінші орынбасарының қызметіне тағайындалған болатын. Тамыз айының 27-жұлдызында ұлының үйлену тойын қаладағы зәулім ресторанда өткізіп, 400 адамды мейман еткен. Телеграм арнасының авторының айтуынша бұл шамамен өнер көрсетуге келген әншілердің, шоумендердің қызметін қоспағанда 20-30 миллион теңгені құрайтыны айтылған.
«Қайырлы таң баршаңызға, әсіресе Нұр-Сұлтан қалалық ІІД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Малыбаевқа. Кеше ұлын (құттықтаймыз!) Алматы қалалық әкімшілік полициясы бастығының ұлы Нұрлан Аманбектің жазда тойы өткен мейрамханада үйлендірді. Ал мынау өте қымбат мейрамхана, 400 қонаққа жұлдыздардың өнерін есепке алмағанда 20-30 млн. теңгені құрайды. Біздің полиция қызметкерлері демалуды біледі, ештеңе айта алмайсың» деп жазды арна авторы.