«30 градусқа дейін ыстық болады»

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Екінші және үшінші онкүндікте күн жылы болады. Күндіз солтүстік өңірлерде +17…+22, оңтүстік өңірлерде +25…+30 градусқа дейін ысиды

АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Синоптиктердің болжауынша, елімізде сәуірде күн жылы болады, арасында жауын жауады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Алдағы күндері республикада ауа райы жауын-шашынды болады, көбінесе жаңбыр жауып, екпінді жел тұрады деп болжанып отыр.

«Бірінші онкүндіктің басында республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде -5+…5 градус, күндіз +7…+18 градусты көрсетсе, оңтүстік бөлігінде түнде +5…+13, күндіз +15…+23, қиыр оңтүстікте +28 градус болады», — деп хабарлайды синоптиктер.

Онкүндіктің ортасында Ресейдің Еуропалық аумақтарынан антициклонның кіруіне байланысты температура солтүстікте түнде -3…-8, күндіз +2…+10 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте ауа температурасы онкүндіктің соңында төмендейді деп болжанып отыр, түнде сынап бағанасы +3…+8 градус, күндіз +10…+15, шеткі оңтүстікте 22 градус болады.   

Екінші онкүндіктің ортасында және үшінші онкүндіктің екінші жартысында екі рет салқын түседі: солтүстік жартысында түнде -3… +7, күндіз +2…+13 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік жартысында түнде 0…+10, күндіз + 12…+22 градус болады деп болжанып отыр.

Екінші және үшінші онкүндікте күн жылы болады. Күндіз солтүстік өңірлерде +17…+22, оңтүстік өңірлерде +25…+30 градусқа дейін ысиды.



sputniknews.kz