«30-дан 35 млн долларға дейін жетеді»: Беделді порталдың журналисі Головкиннің қаржылық жағдайы туралы айтты

0
161
Сурет: instagram.com/gggboxing/?hl=ru

Boxingnews24.com порталының спорт шолушысы Анхель Флауэрс отандасымыз Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварестің қаржылық жағдайын салыстырды. Сондай-ақ ол екі боксшы жекпе-жектері үшін қанша табыс тапқанын да айтты, деп хабарлайды Nur.kz сайты.

Журналистің мәліметінше, қазақстандық боксшының қаржылық тұрғыдан жағдайы «Канеломен» өткізген екі жекпе-жектің арқасында жақсара түскен.

«Головкиннің қаржысының 90 пайыздан астамы оның Сауль Альвареске қарсы өткізген екі жекпе-жегінен түскен. Қауесеттер бойынша GGG-дің жеке капиталы 30-дан 35 млн долларға дейін жетеді.

«Канеломен» өткен екі кездесу Головкинге 37 млн доллар пайда әкелген. Салыстыру үшін – Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы кездесуінде 20 млн доллар және Каллум Смитпен болған кездесуінде де кем дегенде осынша ақша тапқан», — деп келтіреді басылым журналистің сөзін.