30 cәуір, 1,2 мамырға ауа райы болжамы

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. «Қазгидромет» 30 сәуір мен 2 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын жариялады. Мереке қарсаңында, 30 сәуірде, елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Жауын-шашын, солтүстік аймақтарда арты қарға ұласатын жаңбыр, бұршақ пен екпінді жел болады.

Ертең елдің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Батыста түнде -2+5°С, күндіз +7+15°С, солтүстік-батыста түнде -5,+5°С, күндіз +15+20°С-тан +2+10°С дейін төмендейді. Ал қалған аймақтарда найзағай болып, жаңбыр жауады. Алайда +15+25°С шамасындағы жылы ауа райы сақталады.

Тағы оқыңыз: «Қазгидромет» алдағы жарты жылға болжам жасады

Синоптиктердің айтуынша, күн аз уақытқа жылынғанмен, қайта суытады.

Мереке күндері солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде ауа райы құбылмалы. Жауын-шашын, қар аралас жаңбыр болуы мүмкін. Ал шығыста екпінді жел мен қатты жауын-шашын, түнгі және таңғы сағаттарда көктайғақ пен тұман күтіледі. Түнде ауа температурасы -2-7°С, күндіз +3+11°С болады. Батыс облыстарда мамыр мерекелерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +10+20°С -қа дейін жылынады.

Тағы оқыңыз: Әр мезгілдегі ауа райы 

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста да жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +2+10°С шамасында,  3 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +12+20°С. 2 мамырдан бастап батыста  жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыста кей жерлерде жауын-шашын, оңтүстікте найзағай мен екпінді жел сақталады.

Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы күндіз +15+25°С, солтүстік, орталық пен мен шығыста +5+15°С болады.



sputniknews.kz