«3 жылға шартты түрде сотталды»: Дана Нұржігіт экс-күйеуінің әрекеттерінен кейін алты ай бойы депрессияда болған (ВИДЕО)

0

Танымал журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт әріптесі Динара Сатжанға сұхбат берді. Ол өзінің жеке өмірінде болған қиыншылықтарын айтып, алты ай бойы депрессия болғанын, психотерапевтермен жұмыс істегенін айтқан, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kzақпарат порталына сілтеме жасап.

Сұхбаттың толық нұсқасы шықпаса да Динара Сатжан Дана Нұржігіттің басынын өткен жайттар туралы сұхбаттан үзінді жариялады.

Журналист, тележүргізуші Дана Нұржігіт сталкердің құрбаны болды. Бұрынғы күйеуі ажырасқаннан кейін қыр-соңына түсіп, жүргізушіні аңдыған.

Адамды аңдып, үнемі оны күзету сталкинг деген атаққа ие. Бұл еліміздегі заңда жазылмаған бап.

«Олар өзінің құрбаны жайлы ақпарат іздейді. Алайда сталкер сенің бұрынғы күйеуің болса, бәрі одан бетер тез өрбиді. Бірақ Дана мойымай, сотта бұрынғы күйеуі кінәлі екенін дәлелдей алды. Осы жазда оны Қылмыстық кодекстің 147 бабы бойынша 3 жылға шартты түрде соттады. Ол жеке өмірге қол сұқпау тәртібін бұзған», — деп жазды Динара Сәтжан.

Фото: comode.kz: UGC