«3 жыл бойы концертіне бармадым»: Төреғалидің жары оған тұрмысқа шыққан кезін есіне алды

0
1129
Сурет: instagram.com/tolkynturarbekkyzy/

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Төреғали Төреәлінің жары оған тұрмысқа шыққан кезін есіне алып, отбасылық өмірінің алғашқы жылдары қалай өткенін айтып берді. Бірнеше жыл бойы көпшілік үшін құпия болып жүрген «ұлы дала келіні» өз шындығымен бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Толқын Тұрарбекқызы Instagram желісінде оқырмандарына барынша ашылып, халық үшін беймәлім болған өмірі жайлы барлығын айтып берді.

«Ұлы дала баласының» келіншегі оған тұрмысқа шыққан сәті мен үш жылдан кейін болған үйлену тойы туралы жан сырын ақтарды. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар отау құрар алдында бір-біріне уәде беріп, сол сөздерін әлі ұстап келе жатыр екен.

«Төрем екеуміз отау құрғанда, барлық отбасын құрдымға әкелетін бәленің алдын алу мақсатында, екеумізде де еркелік бар, өзімізге жетерлік мінез де бар, сасық көкірек бәрінде бар, егер де екеуміз екі жаққа кететін болсақ, тек «тәкаппарлықтан» деді! Сондықтан, қандай жағдай болмасын, арамызда ұрыс шығатын болса, біреу емен ағашындай иілу керек. «Кім иіледі?» деп сұрады. Әрине «мен» деп жауап бердім! Содан бері сол уәдемде тұруға тырысып келемін! Шындығында, ол өте көп еңбекті талап етеді екен. 

Қаншалықты сабырлы болам деген сайын, пендешілік ойлар, көкіректі кернеп тұратын. Сырт көзге қауқарсыз, орысша айтқанда «лох» болып, көрінгенмен, бұл үлкен күш! Ашудың үстінде сабырды сақтап, эмоцияңды ұстай білу – тіптен күшті. Тойымызды отау құрғаннан кейін 3 жылдан кейін жасадық! Мен ол кезде 2 ханшайымның анасы, 3-ші сәбиіме аяғым ауыр еді. Айналам мені біраз сөз етіп, жаңалықтар біраз жыр етті. Десе де, Алланың қалауынсыз ештененің болмайтынын, сырттан тон пішудің қандай күнә екенін көбіміз білсек те, мән бере бермейміз-ау», – деді Толқын.

Сонымен қатар, Төреғалидің жары отбасылық өмірінің алғашқы жылдарын еске алып, көпшілікпен бөлісті. Жұлдызды әулеттің келіні бастапқы үш жыл бойы жолдасының концерттеріне бармаған.

«Бастапқы 3 жыл бойы Жарымның концертіне бармайтынмын, тақымымды қысып, тілеуін тілеп отырғаным, сахнадан тамашалап отырғаннан маңызды еді, әрі Жарыма ол уақытта сол үлкен қолдау болды! Шынымды айтсам, ол кезде отбасы – деген фундаментті қалау басты приоритет болатын. Жағаласа-жарыса жүргеннен, күн-түн халықтың алдында жүрген азаматымды күтіп-алып, шығарып-салу ең үлкен жұмыс деп білдім!

Бастапқыда үйрену оңай болмады әрине, гастрольдік сапардан-сапарға аттанатын жарымды, тағатым таусыла күтумен жүретінмін! Неге әлеуметтік желіде жоқпын, неге олай емес, неге бұлай емес деген сұрақтар мені мазаламаған екен. Себебі, жарыма деген – Сенім, бір сәтке де күмән тудырған емес! Жарымның қалауы – Алланың қалауы деп қабылдадым», – деп жазды ол. 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету