3 жасар қызды анасы қарызының орнына тастап кеткен (видео)

0
2964
Advertisement

Жезқазғандық әйел қарыздан құтылу үшін қызылордалық отбасыға 3 жасар қызын уақытша берген. Ақшаны әкеліп беріп, қызымды алып кетем деген ана хабарсыз қалады. Ал әкесі отбасын оған дейін тастап кеткен. 28 жыл бұрынғы қиындыққа толы балалық шағы жайлы Мереке Тауманова Еуразия бірінші арнасындағы «Пендеміз ғой» ток-шоуында баяндады.

«Кетерімде емізулі інім бесікте жатқаны көз алдымда. Мені көлікке мінгізіп жатқаны есімде. Ұйықтап кетіп, бір оянсам, жолда келе жатыр екенбіз», – деп өткенді еске алды кейіпкер.

Кішкентай қыз жаңа отбасында 1 жарым жыл тұрады. Жейтін ас таппай, көршілерден нан сұрап, көшеде қаңғырып кететін күндері көп болған. Көршілері милиция шақырып, қыз балалар үйіне аттанады. «Үлкен апайлар ер балаларға мына бала, мына бала деп тапсырып кететін. Содан таяқ жейтінбіз. Таяқ жемеу үшін екі күн демалыста апайларға көмектесіп, үйлеріне еріп кетуге тырысатынмын.

Жетімдер үйіндегі балалардың бәрі жетім емес. Жағдайы жоқ ата-аналар балаларын уақытша тапсырады. Олар айлық алғанда балаларына келіп, тәтті әкеп беретін. Сондай кезде маған неге келмейді деп жылайтынмын. Мектеп бітіргенше тәтті жемедім. Бірақ 8-9 сынып оқып жүргенде, мектептің маңайындағы үйлерді жинап, ақша тауып, магазиннен барып, барлық тәттіні алғанмын», – дейді Мереке.

Тағдырға мойымаған қайсар қыз жоғары оқу орнын тәмамдап, бүгінде өз алдына отбасын құрған. Бүгінде төрт баланың анасы жан жарымен, ата-енесімен ел қатарлы өмір сүріп жатыр.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз