“3 баласы қалды” — ауруханаға таксикозбен түскен жүкті әйел көз жұмды
Жамбыл облысы Жуалы ауданының аурханасына токсикозбен түскен Айгүл Айтуғанқызы 12 күн ауруханада жатып көз жұмған. Жақындары оның дәрігердің қателігінен болды деседі. Қазір олар сот-медициналық сараптаманың нәтижесін күтіп отыр, деп жазды Время басылымы.
Алайда дәрігерлер марқұмның өліміне өздерінің еш қатысы жоқтығын айтады, ал полиция бұған қатысты ешқандай әрекет етпеген.
Төртінші рет босанғалы отырған Айгүл ауруханаға жүктілігінің 8-айында токсикозының асқынған кезінде түскен. Оны гинекология бөлімінің басшысы Замира Ашилова 8 қаңтарда өз бөліміне орналастырып, «Ксилол» дәрісін жазып берген. Одан кейін әйел күйеуіне «Церукал» препаратын алдыртқан.
Оған бірнеше рет хабарластым, бірақ тұтқаны алмады. Әдетте олай жасамайтын. Сөйтсем, оның жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне ауыстырыпты. Үш рет жүрегі тоқтап қалған. Тараздан санавиация шақыртыпты. Ал бұл туралы бізге ештеңе айтпаған, – дейді Айгүлдің күйеуі.
Ол дәрігерлерден бірден емдеу хаттамасын сұраған. Бірақ ешқандай хаттама бермей қойыпты. Кейін «Ксилаттың» токсикозды емдеуге қолданылмайтыны белгілі болды. Ал дәрігерлер ол үш бөтелкенің ашылмағанын айтып, суретке түсіріп жіберген. Оны емдік мақсатта қолданбапты.
Айгүл ауруханаға түскеннен 12 күннен соң қайтыс болды. Оны гинеклогтан басқа дәрігер қараған жоқ. Бізге берген алғашқы қорытынды бойынша, «оның асқазанынан нитриттер табылып, уланып қайтыс болды» делінген. Бірақ оның асқазанынан да, қанынан да, басқа дене мүшелерінен де нитрит табылмады. Аудандық ауруханадағы медицина қызметкерлері дұрыс ем-дом жасамағандықтан сіңлім қайтыс болды деп ойлаймын. Қазір сот-медициналық сараптама жасаттық. Нәтижесін күтіп жүрміз. Үлкен қызы анасының жоғын түсінеді. 8 жастағы қыз есейіп кетті. Сіңлімді 20 қаңтарда жер қойнына тапсырдық. 21-і күні ұлы екі жасқа толды. 4 жастағы қыз екеуі анасын әлі іздейді, – дейді Айгүлдің әпкесі Мәншүк Мамбетова.
Облыстық полиция департаменті Жуалы ауданы орталық аудандық ауруханасында науқастың қайтыс болу фактісі бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты іс Қылмыстық кодекстің 317-бабы 3-бөлігіне сәйкес («Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкеп соғу») қаралып жатқанын мәлімдеді.
Ал гинекология бөлімінің меңгерушісі Зарина Ашилова осы оқиғаға байланысты сөгіс алған. Зейнетке шығуына орай, ол қызметінен кеткен.
фото: vk.com/Aigul Aitugankyzy