3, 4, 5 шілдеде қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

НҰР-СҰЛТАН

08.00 – «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқық мәселелері бойынша конференция – AIFC Law: Further Steps to Development (Назарбаев орталығы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1. Аккредитация +7 701 911 12 21 нөмірі немесе pr@aifc.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

09.00 – Қар барысын қорғау туралы халықаралық конференция. Шараны қар барысын қорғауға бағытталған Snow Leopard Foundation атты халықаралық жекеменшік қор ұйымдастырады. Конференцияға БҰҰ даму бағдарламасы (UNDP), Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF), Snow Leopard Trust қоры, Қар барысы мен оның экожүйесін сақтау бойынша жаһандық бағдарламалар хатшылығы (GSLEP) сарапшылары, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен жекеменшік қорлар өкілдері қатысады (Ritz-Carlton қонақ үйі, аккредитация + 7 777 020 12 60, + 7 705 217 1277 нөмірлері және n.kryuchkova@infores.kz электронды поштасы арқылы жасалады).

09.30 – Түркі кеңесіне мүше елдердің экономика министрлерінің  тоғызыншы кездесуі. Отырысқа Әзербайжан экономика министрінің орынбасары Сахиб Мамедов, Қырғызстан экономика министрінің орынбасары Эльдар Абакиров, Түркия Республикасы сауда министрінің орынбасары Риза Туна Турагай қатысады. Венгрия атынан кездесуге Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшілігі істерінің уақытша сенімді өкілі Дороги Шандор келеді. Сонымен қатар Түркі кеңесіне мүше елдердің үкіметтегі жоғары лауазымды шенеуніктері мен елшілік өкілдері қатысады («Астана» халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/18 С3.3, С4).

10.00 – «Green Energy & Waste Recycling Forum – GEWR 19» жаңғыртылатын энергия және қалдықтарды қайта пайдалану туралы IV еуразиялық бизнес-форум. Форум «жасыл» энергия мен циркулярлық экономиканы, қалдықтарды жою мен қайта пайдалануды дамытудағы негізгі үрдістерге арналған. Форум аясында қалдықтар, жасыл энергия мен жасыл инвестицияларды басқару туралы сессияларға осы саладағы халықаралық және қазақстандық алдыңғы қатарлы сарапшылар қатысады. ТМД және ЕАЭО елдерінің сарапшылары, Қазақстандағы осы саладағы қауымдастықтар өкілдері, қалдықтарды басқару саласындағы білікті мамандар мен алдыңғы қатарлы компания өкілдері сөз сөйлейді (Rixos President Astana қонақүйі, Zheruk Hall және Shanyrak залдары, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7).

10.00 – ТМД елдерінің пенитенциярлық (түрме) қызмет басшылары кеңесінің IV отрысы. Кеңес құрамына ТМД-дағы жеті елдің пенитенциярлық қызмет басшылары кіреді: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы (Rixos қонақүйі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7. Аккредитация +7 775 287 10 64 нөмірі немесе press_kuis@mail.ru электронды поштасы арқылы жасалады).

11.30 – Қалдықтарды басқару және жаңғыртылатын энергетика мәселелері, сондай-ақ Қазақстандағы «Скажи «ДА!» переработке пластика» жобасының басталуы туралы баспасөз мәслихаты (Rixos қонақүйі, Nur-Sultan залы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7. Аккредитация +7 (727) 255 85 75; +7 771 775 53 72 нөмірлері немесе infogewr@gmail.com электронды поштасы арқылы жасалады).

17.00 — SCAT әуе компаниясының «Нұр-Сұлтан — Токио» рейсінің презентациясы. Баспасөз мәслихатының спикерлері: индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Касаи Тацухико, «SCAT» әуе компаниясы» АҚ вице-президенті Владимир Сытник (Rixos қонақүйі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 7. Байланыс телефоны: +7 701 752 25 65).

19.00 – Хореограф Юрий Григоровичтің «Махаббат туралы аңыз» балетінің тұсаукесері. («Астана Балет» театры, Ұлы Дала даңғылы, 9. Театр баспасөз қызметі: +7 (7172) 62 12 83, +7 778 364 32 94).

19.00 – Мәскеудің  «Современник» театрының «Горе от ума» спектаклі. Спектакль екі күн болады – 3, 4 шілде. Әйгілі театрдың гастрольдік сапары аясында 6 және 7 шілде күндері сағат 17.00-де «Вишневый сад» спектаклі қойылады (Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 57).

4 шілде күніне жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — «Еуразия астаналарының жазушылары» I халықаралық форумы. (ҚР Ұлттық музейі, Тәуелсіздік даңғылы, 54).

10.00 — «Шаттық» халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі. (Қалалық алаң, Бейбітшілік көшесі, 1).

11.00 – Қазақстан Республикасының мемлекет туын көтеру салтанаты. («Атамекен» этно-мемориалдық кешені, Қорғалжын шоссесі, 2/1. press@astana.kz электрондық адресі бойынша аккредитация жасауға болады).

11.00 – Балалар мен жасөспірімдердің Қазақстандағы бірінші қысқы фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты. Фестивальге биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, мәнерлеп сырғанау, коньки спорты мен шорт-трек енген. Жиынға ҚР мәдениет және спорт министрлігі комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, ҚР ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков, ҚР ұлттық олимпиада комитеті дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов, «Елена Хрусталева олимпиада қорының» директоры, Ванкувердегі олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева қатысады. (Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 45 А. Аккредитация +7 777 113 31 11 телефон нөмірі немесе ye.korabayeva@infores.kz электрондық поштасы арқылы жасалады).

14.00 – Қазақстан Республикасы президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысы. Тақырыбы: «Адам капиталын дамыту» ( Тәуелсіздік сарайы, Тәуелсіздік даңғылы, 52).

15.00 — «Астана Арт шоу 2019» негізгі бағдарламасының ашылуы. (Тәуелсіздік сарайы,Тәуелсіздік даңғылы, 52).

16.00 — «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі. Фестивальге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Беларусь, Вьетнам, Қытай сынды елдердің әртістері келеді (Астаналық цирк, Қабанбай батыр даңғылы, 5. Телефон: +7 (7172) 24 43 10).

19.00 — «Астана самалы» халықаралық үрмелі оркестрлер фестивалінің ашылуы. (Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатр).

19.00 — Мұқағали Мақатаевтың «Қош бол, махаббат» мелодрамасының премьерасы. (Nomad City Hall концерт залы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/2, B2-3).

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

10.00 – Жаңартылатын энергетика саласы қызметкерлерінің I халықаралық іскерлік фестивалі. («Риксос-Бурабай» қонақүй кешені. Байланыс телефоны: +7 777 214 0171. Аккредитацияны  +7 (7172) 72 06 33, +7 705 330 28 86 телефон нөмірі немесе l.ashimzhanova@mfa.kz, krg1234567/@mail.ru электронды поштасы арқылы жасауға болады.

5 шілдеге жоспарланған іс-шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы (Мәжіліс үйі, Мәңгілік Ел даңғылы, 2, баспасөз қызметі: +7 (7172) 74 63 05, +7 (7172) 74 63 01).

10.00 – Кітап пен поэзия мейрамы (Абай мен Бейбітшілік көшелерінің қиылысы, Абай ескерткішінің алдындағы алаң).

10.00 – Оқушылар сарайы шығармашылық ұжымдарының шоу-концерті (Оқушылар сарайы, Бауыржан Момышұлы даңғылы, 5).

14.00 – Ғарышқа екі рет ұшқан NASA астронавты Мэри Эллен Вебердің қатысуымен өтетін баспасөз мәслихаты. Ол NASA кеңесіндегі технология және инновация комитетінің мүшесі, сондай-ақ стратегиялық коммуникация мәселелері жөнінде консультация беретін Stellar Strategies компаниясының негізін қалаған (Рақымжан Қошқарбаев көшесі, 3. astanapress@america.gov поштасы арқылы аккредитация жасауға болады).

17.00 – Халықаралық The Spirit of Eurasia заманауи этникалық музыка фестивалі (ЭКСПО аумағындағы жазғы сахна. Байланыс телефоны: +7 707 840 0373, +7 705 565 6622).

18.00 – Халықаралық «International Street dance Session in Astana» көше биі фестивалі. Сайыс 32 номинация бойынша өтеді, іс-шараға Қазақстан мен шет елдердің жетекші хореографтары мен бишілері қатысады. Фестивальде Майкл Джексон, Бейонсе, Ашер, Джастин Тимберлейк, Джастин Бибер және тағы басқа әлемдік жұлдыздармен жұмыс істеген хореографтар төрелік етеді  (Нұр-Сұлтан әкімдігі ғимаратының маңындағы Орталық алаң, Бейбітшілік көшесі, 11. Байланыс телефоны: +7 705 670 68 99).

АЛМАТЫ

18.30 – Жеңілмеген қазақ боксшысы Қанат Ислам (25-0) мен доминикан Хулио де Хесустың (27-1) жекпе-жегі. Былғары қолғап шеберлері WBO Inter-Continental титулына таласады. Бұған қоса, бокс кешінде қазақстандық Мадияр Әшкеев (12-0) эстониялық Павел Семеновпен (24-1) жұдырықтасады, сондай-ақ, жеңіл салмақта Абылайхан Құсайынов та жекпе-жек өткізеді. Олар NBA титулына үшін айқасады. Турнирде жалпы 11 жекпе-жек өтеді. Қазақстандықтар ТМД мен Еуропаның тәжәрибелі боксшыларымен қолғап түйістіреді (Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, Абай даңғылы, 44).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz