29 желтоқсанға арналған жұлдыз жорамал — новости Казахстана

0

Бүгін белсенділік танытпаған жөн. Одан да уақытты отбасымен бірге өткізуге арнаған дұрыс. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 29-шы желтоқсанға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

BlogNews.am

Көрнекі фото:BlogNews.am

1. Тоқты

Бүгін атқарылған жұмыс нәтижелерін қорытындылап, қателеріңізді талдау керек. Өз кемшіліктеріңді мойындау қиын, бірақ әрбір адам жаңылысады. Сондықтан қатеден де сабақ ала білу керек.

2. Торпақ

Бүгін уақытыңызды отбасыңызға арнасаңыз дұрыс болады. Ер адамдарға бүгін ерекше ықылас пен қамқорлық қажет болады. Қалаған нәрсені ала алсаңыз, бәрі ойдағыдай өтеді.

3. Егіздер

Бүгін міндетті түрде жолыңыз болады. Қолайлы сәт туғанда сіз тағдыр тартуларын өқуана аласыз. Бірақ дүрлікпей сол сәтті күту керек.

4. Шаян

Жылдың аяқталғанына қарамастан бүгін жұмысыңыз көп болады, әсіресе қаржы, адамдармен қарым-қатынас саласында. Шығармашылықпен, саудамен, оқытумен айналысатындардың бүгін жолы болады. Өзіңізге уақыт бөле алмасаңыз, қамықпаңыз, демек солай болуы керек.

5. Арыстан

Бүгін күш-қуатыныңызды азайтатын адамдардан аулақ жүріңіз. Өміріне шағымданатындардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Жанжал куәсі болудың да қажеті жоқ. Ең дұрысы қандай да бір сезімдер толқынысы болатынын сезсеңіз, ол жерден қашыңыз.

6. Бикеш

Бүгін барлық туыстарыңыз сізді естеріне алғандай болады. Күні бойы қоңырауларға жауап беріп, бір нәрсені алып келіп, біреулерді қарсы алумен айналысасыз. Бірақ осы шаруалардың бәрін аяқтай аласыз.

7. Таразы

Бүгін сізге ешкім кедергі келтіріп, қысым көрсетпеуі керек. Әдетте сіз мұндайды ұнатпайсың, ал бүгінгі жабыраңқы күні мұндай қарым-қатынасты мүлде көтере алмайсыз. Романтикалық кездесулерді басқа күнге қалдырған абзал.

8. Сарышаян

Өзіңізге сенімді боласыз. Отбасы мүшелеріне қуаныш сыйлауыңыз мүмкін. Бүгін бәрі сізді қонаққа шақырып, кеңес сұрап, бір нәрселер ұсынады. Ең бастысы жақсы мүмкіндіктерді қалт жіберіп алмаңыз.

9. Мерген

Бүгінгі күн сіз үшін зеріктіретін болмақ, бірақ белсенділік танытудың қажеті жоқ. Белсенділік жақсылдыққа апармайды, сондықтан маңызды, бірақ мұқияттылық пен табандылықты қажет ететін іспен айналысыңыз.

10. Тауешкі

Өзіңізді жайсыз сезінсеңіз төсектен тұрмай жатыңыз. Бүгінгі күнді күш жинауға арнаңыз, себебі алдағы күндері сізге көп қуат қажет болады.

11. Суқұйғыш

Бүгінге романтикалық демалыс жоспарласаңыз, рахатын көретін мүмкіндігіңіз бар. Барлық қиындықтар мен қауіптен құтылудың жолдарын тағдырдың өзі айтады. Шығармашылықпен айналыссаңыз жетістікке жетесіз.

12. Балықтар

Бүгін біреудің қалауымен жүрмеңіз. Бұл күн демалу үшін, бір нәрсе үйрену үшін берілген. Сондықтан қарсыласпай, тағдырдың берген мүмкіндігін пайдаланыңыз.