29-шы қаңтарға арналған жұлдыз жорамал — новости Казахстана
Бүгін жалқаулық басады, бірақ бұл сезімге бой бермей, өзіңізді қолға ала білу керек. Күні бойы қиныдықтар туындап, сіздің қаншалықты сабырлығыңыз сыңға түседі. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 29-шы қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.
1. Тоқты
Бүгін адамдармен қарым-қатынасыңыз нашарлайды. Идеяларыңыз көп болып, қайсынан бастайтыныңызды білмей дал боласыз. Өзіңіздің мәселелеріңізбен басыңыз қатып, басқалардың қиындықтары жайлы тыңдауға уақытыңыз болмайды.
2. Торпақ
Бүгін, тіпті осы апта айтарлықтай белсенділік танытпаған жөн. Жаңа істі бастамас бұрын жоспар құрып алған жөн. Маңызды жобаларды келесі аптаға қалдырсаңыз дұрыс болады. Асықпаған арбамен қоянға жетеді дегенді ұмытпаңыз.
3. Егіздер
Бүгін өз міндеттеріңізді ғана ойлап, айналаңызда болып жатқан жайттарға көңіл бөлмейсіз. Бір жағынан бұл жақсы, ісіңізді жылдам орындайсыз, дегенмен кішігірім ұжымда жұмыс істесеңіз, бұл кейбір әріптестерге ұнамауы мүмкін.
4. Шаян
Бүгін көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бұған себеп болатындай ештеңе болмаса да, жан дүниеңізде шаттық орнайды. Ең бастысы қиындықтарға мойымай, күш-қуатыныңызды сарқылтатын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз.
5. Арыстан
Бүгінгі күн сізден үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өз ісіңізге ғана жауап беріп қана қоймай, туған-туысқандарыңызға да көмектесуге мәжбүр боласыз. Бірақ сіз бұл міндетті өте жақсы атқарып шығасыз.
6. Бикеш
Бүгінгі күн қолайлы болғанына қарамастан, сіз қынжылатын мәселе табасыз. Тіпті болмайтын нәрселер үшін ренжуіңіз мүмкін. Егер өзіңізді қолға алмасаңыз, күн жабыраңқы көңіл-күйде өтеді.
7. Таразы
Бұл сейсенбіде еңбек өнімділігіңіз жоғары болады, сондықтан маңызды шаруаларға білек сыбана кіріскен жөн. Тек қазіргі іске бар назарыңызды сарп еткендіктен, басқа істерге көңіл бөлмейсіз.
8. Сарышаян
Бұл күнді бейқам өткізуге болмайды. Белсенділігіңізді арттыру үшін бар күшіңізді салыңыз. Спортпен шұғылданып, йогамен айналысыңыз. Кәсіби салада еріншектікке салынбау керек.
9. Мерген
Бүгін басқалардың пікіріне құлақ асатын боласыз. Бірақ әңгіме айтпай, іс тындырғанды көбірек ұнататын боласыз.
10. Тауешкі
Бүгін өзіңізге және айналадағы адамдарға көңіл бөліңіз. Егер іске сенімді болып, асықпай кіріссеңіз осы күн, тіпті апта сәтті өтеді.
11. Суқұйғыш
Бүгін өзіңізді аяуға құштар боласыз. Өзіңді жақсы көрген жақсы, бірақ аяған жақсылыққа апармайтынын ұмытпаңыз. Бүгін спортпен шұғылданып, өзіңізді дамытумен айналысқан жөн.
12. Балықтар
Бүгін басқалардың қиындықтарын жүрегіңізге тым жақын қабылдайтын боласыз. Сезімдер құрсауында қалмас үшін біраз оқшауланып, асығыс емес істерді кейінге қалдырыңыз.
Дереккөз: kaz.nur.kz