29 сәуір күні қандай шаралар болады

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Sputnik Қазақстан 29 сәуір – 3 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

29 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 – Мәжілістің пленарлық отырысы (отырыс онлайн режимде parlam.kz сайтында көрсетіледі).

14.00 – «Ұлы Отан соғысы: ХХI ғасыр көзқарасы» атты Россотрудничество өкілдігі жобасы қорытындыланады. Акцияны ұйымдастыруға Ресей елшілігі мен «Sputnik Қазақстан» халықаралық ақпарат агенттігі қолдау көрсеткен. Шараның арнайы қонақтары – Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин, Қазақстандағы Беларусь елшісі Анатолий Ничкасов, Абай атындағы № 6 мектеп-гимназиясының директоры Анар Айтжанова (Степногорск қаласы). Бұл жоба үшін  Россотрудничество өкілдігі pobedakz.com сайтын ашты (шара Zoom платформасында онлайн-форматта өтеді. Байланыс телефоны: +7 701 180 8560, +7 701 054 7177).

17.00 – Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері Елжан Тұрыспен тікелей эфир (театрдың @auezovtheatre Instagram парақшасында).

18.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).

21.00 – Батырхан Шүкеновті еске алу кеші. Роза Рымбаева, Сағынай Әбдулин, Наджип Вильданов, Ренат Гайсин, Жанар Дұғалова, Рүстем Нұржігіт, Диная, Әли Оқапов, Сырымтай Еңсепов «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында Батырхан Шүкеновтің әндерін тікелей эфирде орындайды («Қазақтелекомның» Youtube-каналы).

19.00 – «Астана Операдан» Ролан Пети хореографиясындағы «Капеллия» балеті (трансляция – TengriTV).

30 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).

1 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі «Көрерменмен диалог» атты жаңа айдар ашады. Алғашқы диалогты белгілі қазақстандық суретші Нелли Бубэ өткізеді. Ол күзде Кипрде ашылатын жаңа музей мен жобаға қатысқан қазақстандықтар туралы айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми каналы арқылы көрсетіледі).

3 мамырға жоспарланған шаралар

12.00 –  Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің «Техника «коллаж» бейнесабағы өтеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми каналы арқылы көрсетіледі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз