29 наурызда Есімовтің Самұрық-Қазынадағы «мұрагері» таныстырылады
29 наурыз күні «Самұрық-Қазына» «ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма қорының басшысы ретінде Есімовтің мұрагері кім болатынын таныстырады, деп хабарлайды Kaztag.kz сайты.
«29 наурыз күні Есімовті зейнетке шығарып салу ұйымдастырылады. Оған мемлекет басшысы жұмысы үшін алғыс білдіреді. Есімов демалысқа бұрыннан шыққысы келіп жүрсе де, мемлекет басшысы одан короновирус уақытында жұмыс істей тұруды сұрады. Осы жиналыс кезінде қордың жаңа басшысы тағайындалады», — деді жұма күні ҚазТАГ редакциясының дереккөзі.
2021 жылы Есімов 70 жасқа толады. Ол — саяси қайраткерлердің бірі әрі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серігі болып саналады.
Есімов ҰӘҚ-ны 2017 жылғы желтоқсанда басқарды. Бұған дейін «Астана ЭКСПО-2017″ ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. Бұған дейін Алматы әкімі қызметін атқарды.
20 наурыз күні кешке әлеуметтік желілерде оның алдағы отставкаға кетуі және қордың басшысы лауазымына Алмасадам Сатқалиевті тағайындау туралы хабарламалар таралды. Ал 21 наурызда ҰӘҚ басшысының міндеттерін Сатқалиевке уақытша жүктеу туралы құжат пайда болды.
2018 жылдың қыркүйегінде Сатқалиев «Самұрық-Қазына «ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтерді басқару және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды.