29 миллион теңгенің той көйлегін киген ару көпті таң қалдырды

0

Желіде тойына 40 келілік көйлек киген арудың видеосы тарап кетті. Жазба авторының айтуынша ерекше той көйлектің бағасы 29 миллион теңгені құрапты.

Айрықша той көйлек киген бойжеткеннің видеосы Instagram желісінде пайда болған. Онда автор: «Бағасы 29 миллион теңге. Киер ме едіңіз?» деп жазған.

Сондай-ақ, бейнежазбада той көйлегінің салмағы 40 келі тартатынын анық естуге болады. Әзірге видеодағы қалыңдық қай елдің тумасы екені белгісіз.

Аталған бейнежазбаға қатысты желі қолданушыларының да пікірі екіге бөлінген. Олардың бірі «Ақша не істетпейді?», «Еріккен қалыңдық» деп сынап жатса, енді бірі «Керемет әдемі көйлек», «Өз ақшасы, қайда жұмсаса да еркі» деп қалыңдықты жақтап шыққан.