28 сәуірде қандай шаралар болады

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Sputnik Қазақстан 28 сәуір — 3 мамыр аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

28 сәуірге жоспарланған шаралар

09.00 — Үкімет отырысы. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тауар өткізу жүйесін құру және кеңжолақты интернетті қолжетімді ету мәселесі қаралады (отырыс онлайн режимде Primeminister.kz сайтында және үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында көрсетіледі).

10.30 – Халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы (отырыс онлайн режимде www.parlam.kz сайтында көрсетіледі. Байланыс телефоны: +7 702 263 88 92).

11.00 — Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Арманжан Байтасовтың инстаграмында өтетін онлайн конференцияға қатысады. Ол кейбір дәрігерлерге неге үстемеақы берілмегенін түсіндіріп, қор қаражаты қалай жұмсалатынын айтады. 

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі «Суретші Сергебаевтың шығармашылығы» атты видеодәріс өткізеді. Мәтінді Гүлнұр Жұбанова оқиды (Трансляция мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook парақшасында).

17.00 – Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері Жанат Тыныбаевпен тікелей эфир (Трансляция театрдың @auezovtheatre Instagram парақшасында).

17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Язычники» (+18) қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

17.30 — Халықаралық валюта қорының «Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі өңірлік экономиканың даму перспективалары» атты баяндамасы таныстырылады. 

29 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 — Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).

30 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz