28 маусым — Журналистер күні
Қысқа сілтеме алу
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіби мерекені бекіту туралы арнайы қаулы шығарған
НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді.
«Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», — деп атап өтті президент.
Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма бердім. Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) 24 июня 2019 г.
Қазақстанда БАҚ өкілдері кәсіби мерекесін 28 маусымда – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні тойлайды. Әуелі бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен 10 мамырда аталып өтетін еді. Кейін атаулы күн Қазақ КСР-нің «баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңы қабылданған күнге орай 28 маусымға ауыстырылды.
sputniknews.kz