28, 29, 30 қыркүйек, 1, 2 қазанда ауа райы қандай болады

0

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері республиканың бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, қар жауады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Ауа температурасының төмендеуіне байланысты республиканың бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазгидрометтің ақпаратынша, 29 қыркүйекте Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, ал 30 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде жаңбыр және жабысқақ қар жауады.

29-30 қыркүйекте түнде, 1 қазанда Ақтөбе, Қостанай облыстарында, 30 қыркүйек, 1-2 қазан күндері Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, ал 1-3 қазанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -3…-8°C дейін төмендейді деп болжануда.

Тағы оқыңыз: Маман қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

30 қыркүйек түнде, 1-2 қазанда Қызылорда облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік жүреді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда, бұған дейін хабарланғандай, сенбіге қараған түні кей жерлерде жаңбыр және қар жауады. Күндіз ауа температурасы 8-10 градус жылы болады.

Алматыда түнде сынап бағанасы +16…+18°C, күндіз +24…+26 °C көрсетеді. Жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Шымкентте түнде 16-18°C, күндіз 28-30°C ыстық, күн бұлтты болады.



sputniknews.kz