27 жылдық неке: Билл Гейтс әйелімен ажырасады
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс пен оның әйелі Мелинда ажырастыны туралы ақпарат пайда болды.
«Ажырасқаннан кейін де игі істер жалғасын табады. Бірақ енді ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүре алмайтынымызға көзім жетті», — деді Гейтс.
Ажырасудың қаржылық жағы айтылмаған.
Гейтс — ең бай кәсіпкерлердің бірі, оның отбасы байлығы 130 миллиард долларға бағаланады.