27 желтоқсанда өтетін еліміздегі маңызды оқиғаларға шолу
2018 жылғы 26 желтоқсан 19:22 7
АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі 27 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.
Сағат 10.30-да Қазақстан Республикасының ғылымды қаржыландыру тиімділігіне жасалған мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша Есеп комитетінің отырысы өтеді.
Сағат 11.00-де «Үкімет үйінде» ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен «Шағын және орта бизнеске салықтық амнистия мәселелері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.
Сағат 11.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде (Қонаев к-сі, 7) Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының аймақтық кардиологиялық орталығы мен «Мерусар және К» ЖШС арасындағы кикілжіңге қатысты баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 11.00-де «MEGA Silk Way» СОО, PremiumReseller мәртебесін иеленген Apple өнімдері дүкенінің ашылуына орай БАҚ өкілдеріне арналған пресс-бранч форматында тұсаукесер өткізіледі.
Сағат 12.00-де «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен Қазақстанда балалар трансплантологиясының дамуы тақырыбына арналған дөңгелек үстел мәжілісі өтеді.
Сағат 12.00-де «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сартаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мукушева «Ақылды аудан» жобасының аясында әзірленген электронды тақтаны таныстырады.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
Сағат 10:00-де Түркістан облысы Төле би ауданында «Тау самалы — жан самалы» фестивалі өтеді. Шара аясында «Таңғажайып Түркістан» байқауының жеңімпаздары марапатталады.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz