27 қыркүйекте қандай іс-шаралар өтеді
Sputnik Қазақстан агенттігі 27 қыркүйекте болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ 28-30 қыркүйекке не жоспарланғанын біле аласыз
27 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
09.30 – Қазақстандық мұнайдың 120 жылдығына орай конференция өтеді. Шараға ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев қатысады.
10.00 – Қазақстандағы жастар жылына орай БҰҰ Орта Азия ІІ халықаралық моделі атты шара өтеді (Назарбаев орталығы, Байланыс телефондары: +7 (7172) 69 30 56).
10.00 – «Заң шығару үдерісін жетілдіру» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді (ҚР парламенті сенатының мәжіліс залы, 1 қабат, Байланыс телефондары: +7 (7172)74 72 39, +7 (7172)74 70 27).
11.00 – «Жастар – Энергия – Болашақ» шығармаршылық конкурсының жеңімпаздары марапатталады. Байқау Қазақстандағы жастар жылы және қазақстандық мұнайдың 120 жылдығы аясында орайластырылған (Конгресс орталық, Сауран көшесі, 44. Байланыс телефондары: +7 727 394 32 32, +7 700 394 32 32).
11.00 – Электр энергиясы нарығындағы бәсекелестікке сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
15.00 – теміржолдағы жүк тасымалы нарығындағы бәсекелестікке сараптама жүргізу үшін арнайы жұмыс тобының отырысы өтеді (Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 7 кіреберіс, 418 кабинет. Аккредитация +7 702 914 02 72 телефоны және m.aisina@economy.gov.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
16.00 – National Final шарасының үшінші кезеңі өтеді. Байқауға қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларын таныстырады. Ұлттық конкурстың екі финалисі 2019 жылдың қарашасында өтетін Нидерландының Амстердам қаласында Climate LaunchPad: Grand Final атты байқаудың келесі кезеңіне жолдама алады. Конкурстың басты жүлдесі – Climate KIC бағдарламасы аясында жеңімпаз 95 мың еуроға дейін қаржылық қолдауға ие болып, жобасына венчурлық капитал тартуға мүмкіндік алу («Стеклянный павильон – Пирамида» ғимараты (блок 32), Қабанбай батыр даңғылы, 53, Байланыс телефондары: +7 747 301 48 24).
16.00 – Президент жолдауы аясында медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен пресс-конференция өтеді (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6, Аккредитация +7 (7172) 74-58-64 телефоны және press.kpm@mail.ru электронды поштасы арқылы жүргізіледі).
19.00 – «Я помню чудное мгновенье» концерті өтеді. Мерекелік шара орыс ақыны Александр Пушкиннің 215 жылдығына және орыс композиторы Михаил Глинканың 220 жылдығына орайластырылған (Күйші Дина көшесі, 27, Кирилл және Мефодия атындағы рухани-мәдени орталық).
АЛМАТЫ
10.00 – әскери қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионаты. Аталған шара Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. ТМД чемпионы титулы үшін Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның үздіктері таласады. 9 салмақ дәрежесі бойынша 80 әскери өнер көрсетеді. (Қорғаныс министрлігінің орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы, Сәтпаев көшесі, 6б. Байланыс телефоны: +7 707 382 81 83).
Халықаралық ақпаратқа қолжетімділік күні аясында журналистикадан I ортаазиялық семинар өтеді. Семинардың тақырыбы: «Ақпаратқа қолжетімділік: академиялық ықпалды күшейту». Шараны Қазақстандағы БҰҰ ақпараттық бюросы және Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті ұйымдастырады (Байланыс телефондары: +77073777049, +77072219298).
28 қыркүйекке жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
08.00 – әйелдер арасындағы жүгіру жарысы өтеді. Спортшылар 3 қашықтық бойынша бақтарын сынайды: 7 шақырым (жүгіру): негізгі қашықтық 15 жастан, 7 шақырым (скандинавиялық жүріс): 15 жастан, 3 шақырым (балалар дистанциясы): 10-14 жастағы қатысушылар үшін («Атакент» көрме орталығы, байланыс телефондары: +7 771 439 8353).
29 қыркүйекке жоспарланған шаралар
АЛМАТЫ
10.00 – 8-12 жас аралығындағы балалар үшін әуесқойлар арасында «VeloFriends Junior – 2019» веложарыс ұйымдастырылады. Спорттық шара халықаралық көліксіз күн датасына орайластырылған («Авиатор» стадионы, Майлина көшесі, 42/1. Байланыс телефондары: +7 708 653 07 75).
30 қыркүйекке жоспарланған шаралар
НҰР-СҰЛТАН
Бизнес қауымдастық алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні. Бұл күні мемлекеттің өңірлік бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алында тексеріс барысында жиі кездесетін қателіктер жайында, заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде баяндайды. Есеп беру күні 30 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылады (Нұр-Сұлтан әкімдігі, Бейбітшілік көшесі, 11. Байланыс телефондары +7 (7172) 55 69 16, 55 69 10, 55 69 03).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
sputniknews.kz