26-шы қабаттан құлаған қыз жұртты шошытты – видео

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жантүршігерлік оқиға Қытайдың ірі қаласы Чунцинде болған

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. 6 жасар қыздың 26-қабаттан құлаған сәті бейнебақылау камераларына жазылып қалған.

Кішкентай қызды ата-анасы пәтерде жалғыз қалдырып кеткен. 6 жастағы қыз ояна салып, әкесі мен анасын іздеген. Олар көпқабатты үйдің 26-қабатында тұрыпты. Бала абайсызда үйдің терезесінен құлап кетіп, жерге бір-ақ түскен. Оның құлаған сәті сырттағы және гараждың ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты, деп жазды life.ru.

Кадрдан қыздың гараждың шатырына құлағанын байқауға болады. Бұл кішкентай қыздың жерге құлауын бәсеңдеткен. Осының нәтижесінде ол аман қалып, өзі орнынан тұрған. Кейін ата-анасын іздеуге кіріскен.

Қыз дереу Чунцин қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оны тексеріп, қолы ғана сынғанын анықтаған.



sputniknews.kz