26-28 қаңтар күндеріндегі ауа райына болжам
Қысқа сілтеме алу
«Қазгидромет» РМК 26-28 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам жасады
АСТАНА, 25 қаңтар – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері республиканың басым аумағында аяз болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Қазгидромет» ақпаратынша, 26-28 қаңтар күндері антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде түнде —30…-38 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. Ал күндіз сынап бағанасы —18…-27, кей жерлерде —30 градусқа дейін төмендейді.
Орталық Азия арқылы циклон ығысады. Қазақстанның солтүстік жартысында суық антициклон, ал Орталық Азияда жылы циклон әсерінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұрқасындатып, жел күшейеді.
Сондай-ақ, синоптиктер 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында дабылды ескерту жариялады. Ертең кей жерлерде бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с дейін барады.
Петропавлда да бұрқасын және қатты жел.
Ірі қалалардағы ауа райы
Астана
26 қаңтарда: күндіз қар жауады, ауа температурасы —6…-8, түнде —14…-16 градус;
27 қаңтарда: күн ашық, көшпелі бұлт шығады, сынап бағанасы күндіз —18…-20, түнде —25…-27 градусты көрсетеді.
Алматы
26 қаңтарда ауа температурасы күндіз +3…+5, түнде —6…-8 градус;
27 қаңтарда: күндіз сынап бағанасы +3…+5, ал түнде —5…-7 градусты көрсетеді.
Шымкент
26 қаңтарда күндіз ауа температурасы +10…+12, түнде 0… —2;
27 қаңтарда; күндіз +10… +12, ал түнде 0…-2 градус шамасында.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/