«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

0

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Видео кейіпкері Әйгерім — 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген.

«12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпішпен тісіме тиіп кетті», — дейді ол.

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған.

«Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін», — деді әйел.

Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған.

«Әр әйел бақытты болуға лайық», «Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады», — деп жазған олар.