25 желтоқсаннан бастап Covid-19 вакцинациясы дәрігерлер мен педагогтарға егіледі

0

Мамин ковидке қарсы вакцинаның дайындалу барысы туралы айтты.

29 қараша күні клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдері аяқталған болатын. Вакцинаның кері әсері анықталған жоқ, керісінше оның тиімді екені байқалды. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыз айының соңында аяқталады.

Жыл соңына дейін 2 млн мөлшер көлеміндегі қазақстандық вакцинаның алғашқы легі шығарылмақ.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей басшысы Владимир Путинмен жасаған келісіміне сәйкес осы жылдың 22 желтоқсанынан бастап елімізде ресейлік «Спутник V» вакцинасын жасау қолға алынады. 2021 жылдан бастап ел тұрғындарына ерікті түрде вакцина егу жоспарланып отыр.

Алғашқы кезеңде халықтың ауруды жұқтыру қаупі жоғары деген тобына екпе егіледі. Олар: дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылым қызметкерлері.