25 жастағы тұрмыстағы әйел еркек болып шықты

0
1382
Сурет: kjika7094

Қытайдың Чжэцзян провинциясында тұратын отбасылы әйелдің аяқ-асты ер адам екені анықталған. Ол жалпы нормаларға сәйкес келмейтін еркек пен әйелге тән емес жыныстық белгілерге ие, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Global Times-ке сілтеме беріп.

25 жастағы Пинпин өмір бойы өзін әйел деп санап,  2020 жылы үйленген. Алайда, әйелде ешқашан еттеккір болмаған және үйлену тойынан кейін бала көтере алмаған.

Жақында қытайлық әйел тобығын шығарып алған, содан кейін ол жергілікті ауруханада медициналық тексерістен өткен. Дәрігерлер Пинпиннің жатыр мен аналық бездері жоқ екенін және оның жыныс мүшелері дамымағанын анықтады. Оның еркекке тән Y хромосомасы бар болған, сондықтан генетика тұрғысынан ол ер адам екені анықталған.

Дәрігер оның денесінде еркекке тән жыныс мүшелері жоқ екенін анықтаған. Оның пікірінше, олар жойылып кеткен.

Мұқият тексерістен кейін Пинпинге туа біткен ауру диагнозы қойылды, бұл оның ата-анасының туыстық некесінің нәтижесі болуы мүмкін.

Науқасқа қалай өмір сүру керектігін түсіну үшін психиатрға жүгіну ұсынылды.