25 жасар мұғалім жарыс кезінде көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0

Павлодар облысы Аққұлы ауданының Майқарағай ауылында жазатайым оқиға орын алды. Волейбол бойынша жарыс кезінде тарих пәнінің мұғалімі Ильдар Вахитов көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz басылымына сілтеп.

павло

Қаза тапқан мұғалімнің әріптестерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға жыл сайын аудандық кәсіподақ өткізетін дәстүрлі волейболдан жарыс кезінде орын алған.

«25 жасар Ильдар Вахитов топ көшбасшысы ретінде негізгі құрамда болған. Бірақ біраз уақыттан кейін дем жетіспей, қысым көтеріліп, ол қосалқы орындыққа отырды», — деп хабарлады мектеп директоры Қанат Сұлтанғазин.

Оның айтуынша турнирде кезекшілер алғашқы көмек көрсеткенімен, оның жағдайы күрт нашарлап кеткен.  

«Ауылдан орталық аудандық ауруханаға дейін 100 шақырым. Ильдар, өкінішке орай, оған жете алмады. Біз барлығымыз үшін ол дос болды, барлығымыз үшін бұл үлкен соққы», — дейді директор. Ауыл тұрғындары мен барлық педагогикалық ұжым жас мұғалімнің туған-туыстарына көңіл айтты.

Ол отбасында жалғыз бала болды. Оның артында әйелі мен бір жасар ұлы қалды. 10 қараша 2019 жыл Ильдар 26 жасқа толатын еді.

Жақындарының айтуынша, ол өткен жылы Павлодарда тексеруден өткен. Дәрігерлер оның бүйрегіндегі тромб барын анықтаған.

«Білуімше, оған арнайы емдеу шаралары жүргізілген, ол мамандарды қатаң түрде тағайындап, емшараларға үнемі барып отырды. Қан қысымы оны жиі мазалайтын», — деді әріптестер.

 

stan.kz