25 тамызда қандай іс-шаралар өтеді: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 25 тамыздағы маңызды оқиғалар мен іс-шараларға шолу жасайды. Сондай-ақ 26-27 тамызға не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

10.00 — Kitap Fest Nur-Sultan 2019 кітап фестивалі. Шараның мақсаты: отандық баспа ісін қолдау, кітап оқуды насихаттау, шығармашыл адамдарды елдің мәдени өміріне атсалысуға үндеу. Фестиваль аясында кітап жәрмеңкесі өтеді. Ал ірі кітап дүкендері өз тауарларын жеңілдікпен сатады. Бұдан бөлек, жазушылармен кездесулер өтеді. I Book You Swap атты ауқымды кітап алмасу шарасы да ұйымдастырылады. (астаналық Арбат, Есілдің жағасы).

18.00 – Қазақстанның еңбең сіңірген әртісі Ғалия Байғазинованың «Ән – әйел әлемі» атты жеке концерті өтеді («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

09.00 — «Фитнес — Парк — Медеу» ашық аспан астында таңғы жаттығу өткізеді. Шараға кез келген адам қатыса алады. Сондай-ақ, армреслинг, йогв, кроссфит, джиу-джитсу, бокс, пауэрлифтинг сынды спорт түрлерінен тегін шеберлік сағаттары ұйымдастырылады. Кіру тегін ( 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы, байланыс телефоны: +7 707 358 18 22, +7 777 477 79 52, +7 747 326 57 36).

12.00 –»Сюрприз» атты балалар спектаклі. («Зазеркалье» қуыршақ театры, Абая даңғылы, 117).

19.00 — Виктора Цойды еске алуға арналған концерт. Сахнада Pulse, «Процессор», «Аллюр», Paradox, OOH, Muha-fly сынды топтар өнер көрсетеді (LA BOHEME театры, Зенков көшесі, 24. Байланыс телефоны +7 (747) 331 83 11).

20.00 — «Көк-Төбе Опера 2019» атты ашық аспан астындағы IV музыка фестивалі. Шара аясында танымал опера жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұдан бөлек, Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің сүймелдеуімен әлемдік балет қойылымдарын көруге мүмкіндік бар. Дирижер – Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері Алан Бөрібаев. Фестивальдің арнайы қонағы – Иван Дефабиани (Көк-Төбе демалыс саябағы).

26 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

14.00 — Өнеркәсіп қауіпсіздігі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауға арналған II жыл сайынғы «HSE (Health, Safety & Environment) табыс көзі» форумы өтеді. «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов сөһз сөйлейді.  HSE цифрландыруын енгізу, өндірістегі тәуекелді басқарудың жаңа тәсілдері сынды мәселелер қарастырылады («Қазақстан» ОКЗ, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1. Аккредитациядан өту үшін +7 (7172) 55 51 29 телефон нөмірі немесе yermakanova@kaztransoil.kz электрондық поштасына хабарласу керек).

АЛМАТЫ

18.00 – Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне орай D10 WORLD көрмесі өтеді. Шараны «Денис Теннің қоры» мен спортшының достары Esentai Mall және Etage командасының қолдауымен ұйымдастырады. Көрмеде Денис Тен өзі жасаған фотороботтар мен спортшының суреттері қойылады (Esentai Gallery, 2-қабат Esentai Mall, Әл-Фараби даңғылы, 77/8).

27 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – зағип балаларға арналған инклюзивті мектеп-интернат базасында бірегей дыбыс жазу студиясы ашылады (Ғабдуллин көшесі, 7. Байланыс телефоны + 7 701 211 0672).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz