25 сәуір күні қандай шаралар болады

0

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Sputnik Қазақстан 25-30 сәуір аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.

25 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі қорының жұмысына арналған тікелей эфир. Музей қызметкері Гүлзира Молдашева жәдігерлердің қалай сақталып, реставрация жасалатынын айтады (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

19.00 — Астаналық мәдениет басқармасының «Онлайн сұхбат» бағдарламасы. Жүргізуші — қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы — эстрадалық әнші, актриса Айгүл Иманбаева (Тікелей трансляция — @ns_madeniet).

26 сәуірге жоспарланған шаралар

12.00 — «Декоративная рыбка в технике акварели» шеберлік сағаты. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музей қызметкері Аида Елеуова өткізеді (Трансляция музейдің Facebook-тегі ресми парақшасында).

19.00 — Астаналық мәдениет басқармасының «Онлайн сұхбат» бағдарламасы. Жүргізуші — қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының директоры Асхат Маемиров. Кеш қонағы — театр және кино актері, театр режиссері, тележүргізуші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәурен Серғазин.

28 сәуірге жоспарланған шаралар

17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Язычники» (+18) қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).

29 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 — Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының «Шығармашылық карантин» айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).

30 сәуірге жоспарланған шаралар

10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz