25-27 мамырға арналған ауа райы болжамы: Нұр-Сұлтан, Астана, Алматы, Шымкент
25-27 мамыр күндері жауын-шашын, найзағай мен қатты жел болады деп күтілуде
НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері 25-27 мамыр аралығына ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
25-27 мамыр күндері ауа райы қандай болады
Мамыр айы мен көктемнің соңғы аптасында құбылмалы ауа райы сақталады. Жауын-шашын, найзағай мен қатты жел болады деп күтілуде.
Тағы оқыңыз: Күн суытады: алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы
«Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 28-33 градусқа дейін ысиды. Ал солтүстік және шығыс аймақтарда түнде небәрі +3 градус болады. Өйткені елдің солтүстігіне Ресей мен Оралдың солтүстік өңірлерінен ылғалды суық массалар келеді. Ал оңтүстік аймақтарға Орта Азиядан жылы циклон ығысады деп болжап отырмыз.», — деп жазылған «Қазгидрометтің» ақпаратында.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтан қаласында сенбі күні сынап бағанасы +24 градусқа дейін көтеріледі. Алайда аздап жауын-шашын жауады. Ал сенбіден жексенбіге қараған түні +3 градус болады. 27 мамыр күні күн шығып, 21 градусқа дейін жылиды.
Алматыда 25-27 мамыр күндері ауа температурасы +20 градус пен +24 градус аралығында болады. Сенбі және дүйсенбі күндері аздаған жауын-шашын.
Ал шымкенттіктерді алдағы үш күнде ауа райы қуантақ. Плюс 21 градустан 28 градусқа дейін ыстық болады деп күтіледі. Түнде ауа температурасы +10… +13 градус аралығында болады.
sputniknews.kz