25, 26, 27 желтоқсанға ауа райы болжамы

25-27 желтоқсанға ауа райы болжамы
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
«25 желтоқсаннан бастап күн баяу ұзарады, ал Таймырдан Сібірге жылжитын суық антициклонның сілемі Қазақстанның көптеген облысына қатты аяз әкеледі», — деп хабарлайды синоптиктер.
Солтүстік орталық және шығыс облыстарда түнгі температура минус 32…37°С дейін төмендесе, кей жерлерде аяз минус 40°С дейін күшейеді.
Тіпті Қазақстанның оңтүстік-шығысында да суытады, кей жерлерде 25…30° дейін аяз болады.
Тек батыста Ресейдің еуропалық бөлігінен жылжитын циклонның ықпалынан жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады, күндіз температура 0-5° аязға дейін, оңтүстік-батыста 0…5° жылыға дейін жоғарылайды.
Тағы оқыңыз: Биыл қыс қандай болады?
Дереккөз: https://sputniknews.kz/