25, 26, 27 шілдеге ауа райы болжамы

0
48

Синоптиктер республиканың оңтүстік облыстарында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. «Қазгидромет» метеоқызметі 25-27 шілде аралығына болжам жасады.

«Жақын күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде нөсер болады. Күн күркіреп, жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін», – деп жазылған хабарламада.

Тек республиканың оңтүстік облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бірақ ыстық біртіндеп төмендейді, ауаның ең жоғары температурасы плюс 33…40°С шамасында болады.

Ірі қалалардағы ауа райы

25 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында түнде +14 , күндіз +26 градус шамасында болады. Аздаған жауын жауады. Алматыда күн ашық. Түнде +23 , күндіз сынап бағанасы + 30 градусқа дейін көтеріледі. Шымкентте түнде +24,  күндіз +36 градус болады.

26 шілде күні астанада түнде +15, күндіз + 24 болады. Күн бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жұма күні Алматыда күн ашық, түнде +20, күндіз +32 градус болады. Шымкентте түнде +21, күндіз +36 градус ыстық.

Сенбі күні астанада түнде +14, күндіз + 25. Аздаған жаңбыр күтіліп отыр. Алматыда күн ашық, түнде +20, күндіз +30 градус ыстық болады. Шымкент қаласында ыстық сақталады. Түнде +24, күндіз 36 градус ыстық.



sputniknews.kz