25, 26, 27 шілдеде қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы

0

Sputnik Қазақстан 25 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 26 және 27 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «Елбасы және халық» кітабының тұсаукесері өтеді. Туындыда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1995-2019 жылдар аралығында Қазақстан халқы ассамблеясының сессияларында сөйлеген сөзі жинақталған. Сондай-ақ, кітапта қазақстандық қоғамдық келісім моделіне арналған  маңызды мақалалар бар (Өтетін орны: ҚР тұңғыш президентінің кітапханасы. Аккредитациядан +7 (7172) 47 26 54, +7 747 312 90 95, +7 771 555 44 89 телефон нөмірлері арқылы өтуге болады).

12.00 – «Русалочка» спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

15.00 – «ҚАЗПОШТА» АҚ мен БҰҰ-ның «ЮНИСЕФ» балалар қоры меморандумға қол қояды ( Достық көшесі, 18, +7 701 772 68 02 телефон нөмірі бойынша аккредитациядан өтуге болады).

АЛМАТЫ

11.00 – «Мобильді «Халыққа көмек» акциясы басталады («Ақбұлақ» базары, Северное Кольцо шоссесі, 12/1. Байланыс телефоны: +7 (747) 222 05 31).

26 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

13.00 – әлеуметтік кәсіпкерлерге арналған екі күндік семинар. Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебі мен «Шеврон» компаниясы бірлесе ұйымдастырған. Басты мақсат – өз кәсібін дөңгелетемін деген тұрғындарға әлеуметік жоба әзірлеуді үйрету. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған инновациялық идеяларға қолдау көрсету көзделіп отыр  (Абай даңғылы, 38. Байланыс телефоны: +7 (777) 062 63 62).

16.00 – Саяси репрессия құрбандарын еске алуға арналған көрме өтеді. Шараны Art Collider және Astana Art Show мектептері ұйымдастырады (Василий Кубриннің үйі, Кенесары көшесі, 41).

19.00 – «Музыкальные каникулы» концерті өтеді. Оған шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындарында (П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы, Венадағы өнер университеті, Гамбургтегі музыка және театрдың жоғары мектебі, Альфред Шнитке атындағы Мәскеу мемлекеттік музыка институты) оқитын студенттер қатысады («Астана Опера» театры, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 1).

20.00 – «Астана 2019» авторлық ән фестивалінің ашылуы. Мерекеде жыл сайын Қазақстан, Ресей, Германия сынды елдердің орындаушылары, авторлары мен ансамбльдері бас қосады («Причал» демалыс аймағы, Қарағанды тасжолымен қаладан 17 шақырым жерде).

АЛМАТЫ

10.45 – Алматы зоопаркінде жануарлардың өліміне қатысты ішкі тергеу қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді (Есенберлин көшесі, 166. Аккредитация: +7 (701) 924 52 58)

19.00 – 3D Music Fest музыкалық фестивалі өтеді («Forum Almaty» СОО, Сейфуллин даңғылы, 617).

20.00 – «Мечта» спектаклі. Қоюшы-режиссері: Азамат Әбділдинов; суретші: Элена Будникова; рөлдерде: Ксения Кутелева, Виолетта Колибердинова. («Бункер», Досмұхамедов көшесі, 78. Байланыс телефоны: +7 (778) 46 56 678).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз