245 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

0
73

Республика бойынша коронавирус індетіне шалдыққандардың саны 13 319 адамға жетті. 8 015 науқас емделіп шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 245 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Өсім 1,9% құрады, деп хабарлайды жедел штаб.

«Коронавирус індетін жұқтырудың ең көп жағдайы Қарағанды ​​облысында – 50 (4,2%), Алматы қаласында – 35 (1,2%) және Ақтөбе облысында 26 (6,5%) адамнан анықталды», – делінген хабарламада.

Ал республикалық маңызы бар екі қала Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында 23 (0,9%) және 14 (1,4%) адамның індет жұқтырғаны расталды.

Аймақтар бойынша:

  • Батыс Қазақстан облысы — 18 (2,1%)
  • Жамбыл облысы — 16 (3,6%)
  • Маңғыстау облысы — 12 (3,6%)
  • Алматы облысы — 11 (2,5%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы — 7 (10,8%)
  • Ақмола облысы — 5 (2,8%)
  • Шығыс Қазақстан облысы — 5 (2,5%)
  • Қызылорда облысы — 5 (1,1%)
  • Атырау облысы — 5 (0,4%)
  • Қостанай облысы — 3 (1,5%)
  • Павлодар облысы — 2 (0,7%)

Аталған індет салдарынан көз жұмғандардың саны – 61.



sputniknews.kz