Қазақстанда жаңа қала пайда болды

0

Алматы облысындағы Жетіген ауылы Алатау қаласына айналды.

«Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды:

Алматы облысының Іле ауданын оның құрамынан Жетіген ауылын бөліп, қайта құру;
Іле ауданы Жетіген ауылы аудандық маңызы бар қала қатарына жатқызылып, Алатау қаласы болып қайта аталсын.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ақпарат,фото: http://Orda.kz