«Иманғалидың бақшасына атылған тас әлі тоқтаған жоқ»

0

Кинорежиссер Талғат Теменов Adal Adam youtube арнасына берген сұхбатында журналистің «Иманғали Тасмағамбетовтың нағыз ерлік деп қай ісін айтар едіңіз?» деген сұрағына:

«Иманғали — талантты азамат. Одан билік басындағылар именеді, қаймығады. Себебі Иманғалида ақыл бар, сезім бар, ол ешкімнің алдында бұқпайды, өз ойын ашық жеткізеді. Оны сондықтан да бір қызметте екі жылдан артық ұстамайды. Ол үнемі барған жерінде халықтың сый-сияпатына, құрметіне бөленген азамат. Бірақ оның артынан да түрлі өсек-аяңдар таратты, тапсырыспен ғайбат сөздер айтылды. Иманғалидың бақшасына атылған тастар әлі тоқтаған жоқ. Ол халық үшін зор еңбек еткен адам. Әлі де үлкен жұмыстар атқаратынына сенемін. Ол — сұңғыла саясаткер. Жиі хабарласып тұрамыз. Иманғали мәдениет министрі болмай-ақ мәдениетке үлкен ықпал еткен, тер төккен азамат. Ресейде елші боп жүргенде қазақ батырларына ескерткіш орнатты. Францияда Мұстафаға тақтайша қойды»,- деп пікір білдірді Талғат Теменов.

Видеоның толық нұсқасы: https://youtu.be/M1PWNWt6sTM?si=4U9-Yz26CL-NI9yn