24 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
2018 жылғы 23 желтоқсан 19:05 274
АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 24 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
10.00-де Мәжілісте «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.
11.00-де Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев ҚР Жоғарғы оқу орындары қауымдастығының және ұлттық университеттердің басшыларымен кездесіп, өзара ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қояды.
12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде мереке күндері уланудың алдын алу мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де Сенатта ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» және «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауларында айтылған тапсырмалар аясында кәсіби білім беру сапасын заңнамамен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.
15.00-де Сенатта Қаржы және бюджет комитеті төмендегі Заң жобаларын талқылайды: «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Қосарланған салық салуды болдырмау және табыс салығына қатысты салықтан жалтаруды болдырмау және оған Хаттаманы ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттарының ынтымақтастығы қоры кірісінің жекелеген түрлерін салық салудан босату туралы келісімді ратификациялау туралы».
15.00-де Абай даңғылы, 80 мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында «Тілектер шыршасы» атты балаларға арналған жаңажылдық мереке өтеді.
АЛМАТЫ
11.00-де Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында респираторлық патологиясы бар науқастарды небулайзерлік емдеуге арналған Қазақстандағы алғашқы кеңсесінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
18.30-да Алматы халықаралық әуежайы «Орал авиажелілері» компаниясының алғашқы рейсін қабылдайды.
ТҮРКІСТАН
19.00-де Түркістан қаласындағы «Есім хан» алаңында облыстың бас шыршасының шамдары жағылады.
12.00-де Әкімшілік-іскерлік орталықта жаңа тұрғын үй алабының іргетасы қаланады (Отырар мөлтекауданының маңы).
11:00-де ҚР Президенті атынан «Жарқыра. Жайна. Жаңа жыл!» атты балғындарға арналған жаңажылдық шырша мерекесі өтеді. Өтетін орны: «Versal» салтанат сарайы
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz