24 жастағы келіншек салмағы 7 келі қыз баланы дүниеге әкелді

0

Өзбекстанның Сырдария облысында салмағы 7 келі қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі UZA агенттігіне сілтеме жасап.

Сырдария облысына қарасты аудандық медицина бірлестігінің бас дәрігері Санат Қадыров жаңа туған нәрестенің денсаулық жағдайы жақсы екенін айтады. Оның сөзінше, дәрігерлер мен медбикелер ана мен балаға тиісті медициналық көмек беріп, олардың денсаулығын бақылауда ұстауда. Нәресте кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Басылымның хабарлауынша, мұндай жағдай облыс тарихында алғаш рет болып отыр. 1998 жылғы жас ана Сырдария облысында туып-өскен және бұл оның бірінші перзенті. Айта кетейік, дәл мерзімінде туған (39-40 аптадан кейін туған) ер баланың салмағы 3,5 — 4 келі, қыз баланың салмағы 3-3,5 келі, бойы 47-56 см аралығында болады.