24 сағат сайын гидрохлор мен тышқанға қарсы у-мен дезинфекциялайды: Алматыдағы тазалау жұмыстары (фото, видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланып, тазалау және дизенфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда тазалау мен дизенфекция жұмыстары қаншалықты жиі жүргізіледі, ол препараттардың құрамына не кіреді және ол адамдарға зиян ба деген сұрақтардың жауабын Stan.kz тілшісі анықтап көрді.

Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Данияр Әбдрешов тазалау жұмыстары күніне екі рет, ал дезинфекция тәулік сайын жүргізілетінін айтады. Ал дезинфекциялау препараттарының кейбірінің құрамында тышқан уы да бар екен.

«Көшені жуу жұмыстары күніне екі рет жүзеге асырылады. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері жұмыстар жүріп жатыр, қатаң тәртіп сақталуда», — дейді  Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасындағы Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Данияр Тойлыбайұлы.

Бостандық ауданы әкімшілігі көріктендіру бөлімінің бас маманы Оразымбетов Нұрсұлтанның айтуынша, қаланы тазалау жұмыстары 24 сағат сайын жүргізіледі, өз ауданында 8 бригада, 20 шақты адам жұмыс істейді.

«Қазіргі уақытта аудандық мердігерлер ұйымы мен Бостандық ауданы әкімшілігімен бірлесе отырып, санитарлық тазалық бойынша дезинфекция жұмыстары аудан аймағы ұйымдарының басшысынан бөлек 8 бригада, 20 шақты адам ұйымдастырылып құрылды. 

Аудан аймағы бойынша төрт бағыт бар. Бірінші бағыт аудан аймағында орналасқан көше, жаяу жүргінші жолдары, көлік аялдамалары, орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер бар. 

Екінші бағыт аудан аумағында орналасқан 309 гектардан тұратын бірнеше саябақ, гүлзар, скверлер соның ішінде орналасқан балалар алаңдар, жаяу жүргінші жолдарына дезинфекция жұмыстары күнделікті жүргізілуде. 

Үшінші бағыт: жер үсті өткелі, жер асты өткелі. Төртінші бағыт: аудан аумағында орналасқан 300-ге жуық қоқыс алаңдары бар. Оның ішінде 1290 жуық контейер бар. Әр контейнердің ерекше жеке дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта қатаң бақылауда», — дейді ол.

Маманның айтуынша, дизенфекция жұмыстары гидрохлорид қоспасымен жүргізілуде: хлор мен су. Гидрохлорид қоспасы адамға зиян емес және дизенфекциялау жұмыстары барысында адамдар көшеде еркін қозғала бере алады. Ал қоқыс контейнерлерін тышқанға қарсы у «Дерат» және «Дезостерил экстра» дезинфекциялау препараттарын қолданады. 

 Карантин режиімін жарияланғаннан бері 246 көше мен жаяу жүргіншілер жолы, аялдама, 4 парк, 9 желекжол мен  9 саябақ тазаланған. 

 

stan.kz