24 сағат ішінде мыңға жуық қазақстандық шетелден оралды — Қазақстан жаңалықтары

0

Дипломаттар Қазақстан азаматтарының отандарына оралуына көмектеседі. ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен тәулікте мыңға жуық қазақстандық елге оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

21 наурызда Қазақстан Республикасының Египеттегі елшілігінің дипломаттарының күшімен «Эйр Астана» мен «SCAT» авиакомпаниясының Шарм-эль-Шейхтен Нұр-Сұлтан мен Алматыға қосымша чартерлік рейстері 458 қазақстандықты әкелді.

«Алдын ала келісім бойынша, 22 наурызда курорттық аймақтан үйіне қайтуы керек жолаушылар қосымша Шарм-эль-Шейх-Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске қосылады», — деді СІМ баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 21 наурызда Қазақстанның Жапониядағы елшілігі 4 қазақстандықты отандарына жіберуге көмектесті.

«Соңғы 24 сағат ішінде мыңнан астам отандастарымыз дипломаттардың көмегімен Қазақстанға оралды, оның ішінде Грузия, Египет, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері және Жапония. Динамика жағымды, дегенмен әлі де елге оралатындар саны көп. Баршаңызды тағы да Наурыз мерекесімен құттықтаймын!» — делінген хабарламада.

 

stan.kz