24 қазан күнгі ауа райы болжамы

0
347
Advertisement

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады

24 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады. Әсіресе солтүстік-батысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел екпіні күндіз 25 м/с дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Жаяу бұрқасын соғады, күндіз жел қарқыны – 15-20 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жаяу бұрқасын көтеріледі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші – 15-20 м/с.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең – көктайғақ.

Ақтөбе облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз жел қарқыны – 18 м/с.

Жамбыл, Павлодар, түнде және таңертең Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман түседі,

Павлодар облысында – көктайғақ. Түнде Қызылорда облысында 1-6 градус үсік жүреді.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз