24 млн теңгені ұрлады: Атырау облысында мектеп есепшісі сотталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында мектеп есепшісі 24 млн теңгені жымқырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы мен ЖШС-нің бірінің сәулетшісіне қатысты үкім шығарылды

«Жылыой аудандық соты Жан Каратон ауылының мектеп есепшісіне үкім шығарды. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған», — деді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2019 жылдың қыркүйегіне дейін сотталушы өзіне жоғары жалақы есептеп, банк карточкаларына ақша аударып, қосымша төлем жасаған.

«Заңсыз алынған ақшаның жалпы сомасы 24 млн 247 мың теңгені құрады. Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айырып, жазаны орындауды үш жасар баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырды», — деді облыстық сотта.

Сондай-ақ, сотталушы ұрланған қаражатты бюджетке қайтаруды міндеттеді.

stan.kz