24 маусым қандай күн: тарихи оқиғалар, танымал есімдер

0

Бұл – Григориан күнтізбесіндегі 175-ші күн, жыл соңына дейін 190 күн бар

24 маусым мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

24 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Ресейде бүгін Чувашия Республикасының күні аталып өтеді. Республиканың астанасы – Чебоксары қаласы, онда жыл сайын бұл күні 1995 жылы Чуваш автономиялық облысын құрудың 75 жылдығына орай құрылған басты ұлттық мереке – Республика күні тойланады. Чувашия республикасының басшысы Николай Федоров 2000 жылдың 4 мамырында бұл мерекенің чуваш мемлекеттілігінің қалыптасуындағы маңыздылығын ескере отырып, тиісті заңға қол қойып, 24 маусымды мемлекеттік мереке ретінде бекітті. Қалыптасқан дәстүр бойынша мереке қарсаңында, Чувашияда көктемгі дала жұмыстарының аяқталуына арналған Акатуй и Сабантуй (Сабантой) мерекелері өтеді. Республикада бұл күні демалыс беріліп, түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіледі.  

Славяндар 24 маусымда Иван Купаланың мерекесін атап өтеді. Бұл, ең алдымен, жазғы күн тоқырауы мерекесі. Мерекеге қатысушылар арасынан әдетте салт-дәстүрді жақсы білетін адам – «урядник» сайланады, ол мерекеге дайындықпен және оны өткізумен айналысады. Қыздар таң атқаннан гүлдесте тоқиды, шөп, гүл жинайды, мерекеге қатысушылар үшін белге байланатын шөп-тұмарлар (жусан, шайқурай, қалақай) жасайды. Жігіттер қайың, қызылтал немесе қара үйеңкіні бір жарым немесе екі адамның бойындай етіп алдын ала кесіп қояды. Оны таза жазық далада, төбешікте, өзен жағасында, көлдің жанында халықтық серуен өткізілетін жерде орнатады. Қыздар бұл ағашты матаның түрлі-түсті кесінділерімен және гүлдермен безендіреді. Мұндай ағашты «купала» немесе «ойран» деп атайды. Бұл ағаштың астына адам бойының жартысындай болатын қуыршақ – Яриланың бейнесін тұрғызады. Бұл қуыршақты сабаннан және шыбықтан тоқиды, кейде саздан да жасап жатады, ол гүлдестемен, гүлдермен және лентамен безендіріледі.  

Бүгін сондай-ақ – Түрлі-түсті әйнек күні. Түрлі-түсті әйнек арқылы бүгінде бүкіл әлемді түрлендіруге болады. Қандай түсті әйнектен қарау керектігі еш маңызды емес. Кемпірқосақтың барлық түсі адамдарға тамаша көңіл-күй сыйлайды, ал түрлі-түсті әйнектен көргенің зор қуанышқа бөлейді. Егер сіздің жүрегіңізде өткен оқиғалардан уайым-қайғы қалса немее өз үйіңізге деген сағыныш болса, әйнек арқылы сіз мұңды көресіз. Барлығы эмоцияңызға байланысты. Түрлі-түсті әйнек біздің айналамыздағы әлемді мүлдем басқаша ете алады.

24 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1901 жылы Парижде барселоналық 19 жастағы суретші Пабло Руис Пикассоның алғашқы көрмесі ашылды;

1916 жылы Голливуд жұлдызының келісімшарт сомасы алғаш рет жеті таңбалы санға жетті. Мэри Пикфорд Paramount Pictures компаниясымен 1 040 000 доллардың келісімшартына қол қойды;

1934 жылы Украина астанасы Харьковтан Киевке көшірілді;

1990 жылы Виктор Цой мен «Кино» тобының соңғы концерті «Лужники» стадионында өтті.

24 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1970 жылы Алматы циркінің ұжымы құрылды;

1992 жылы  Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды;

1993 жылы Алматы қор биржасы құнды қағаздар жасай бастады;

2011 жылы Нұр-Сұлтанда Сербия Республикасының Қазақстандағы елшілігі ашылды;

2015 жылы Қазақстанда «Ел Тұлғасы» ұлттық жобасы басталды.

24 маусымда дүниеге келген танымал тұлғалар  

1900 жылы кеңестік цирк әртісі Михаил Запашный дүниеге келді. Запашныйлар цирк әулетінің негізін қалаушы;

1908 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, әнші Марина Ладынина дүниеге келді. КСРО халық әртісі (1950). Сталин  сыйлығының иегері;

1967 жылы музыкант, Rammstein тобының жетекші гитарисі, Emigrate тобын құрушы және әншісі Рихард Круспе дүниеге келді;

1987 жылы футболшы, «Барселона» және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси дүниеге келді.

24 маусымда Қазақстанда кім туды  

1940 жылы әдебиеттанушы, фольклоршы, Қазақстанның қоғам қайраткері Сейіт Қасқабасов дүниеге келді;

1940 жылы жазушы, драматург Ораз Исмаилов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Бұл өзіңді түсініп, өмір ырғағына түсуге таптырмас күн. Сіз алдыңызға дұрыс мақсат қойған-қоймағаныңызды, әрі қарай не істеу керектігін түсінесіз. Арман-тілектеріңізді орындауға ұмтылыңыз.



sputniknews.kz