24 ақпанға арналған ауа райы болжамы

0

24 ақпанда республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтан қаласын бүгін тағы тұман басады.

Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетауда түнде және таңертең түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде –  тұман, бұрқасын. Күндіз оңтүстіктен күші 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі. Қостанай қаласында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда наурызда ауа райы қандай болады

Батыс Қазақстан облысының кейбір аймағын тұман басады, жел күшейеді. Оралда да тұман, желдің екпіні 18 м/с дейін барады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз жылдамдығы 18 м/с құрайды. Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болжанып отыр.

Маңғыстау облысының кей жерлері мен Ақтау қаласында тұман күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде де тұман түседі.



sputniknews.kz