Костенко шахтасындп қаза тапқан кеншілер саны 35-ке жетті

Қарағанды облысындағы Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілер саны 35-ке жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды, 11 кеншіні іздеу жалғасуда.
«Авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасуда», — делінген хабарламада.
фото: Tengrinews.kz/ Айым Амрина