Қостанай облысындағы көбік кешінде тоқ соққан 9 жастағы қыз қайтыс болды

0

Қостанай облысында көбік кеші кезінде ток соғып, зардап шеккен қыз қайтыс болды, — деп жазады.

25 тамызда Ұзынкөл ауылында жастар күніне арналған іс-шарада 9 жастағы қыз токқа соғылған еді. Мектеп оқушысы бүгін таңертең қайтыс болды.

Баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады. Оқиғадан кейін қыз осы клиникаға жеткізілген еді.

Еске салайық, бұған дейін алаңда ток соққан 9 жастағы қыздың жағдайын білуге Астанадан мамандар барған еді.

ақпарат, фото: Tengrinews.kz