Шымкент қаласы әкімінің орынбасары ұсталды

0

20 шілдеде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ұсталды. Ол жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Kznews.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 20 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратурамен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховты сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстаған.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, барлық қажетті жедел-тергеу іс-шарасы жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды», — деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтының мәліметінше, Мақсұт Исақов 1974 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандығы «ауыл шаруашылығы саласындағы экономист-ұйымдастырушы». 

Фото: egov