Нұрбек Қарасаев: Өз дауыстарыңызды тиімді пайдаланыңыздар
Бүгін «Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Нұрбек Қарасаев, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Оқуов, Марат Абзал, Жамболат Тангиев «Қала жолдар» ЖШС мекемесінің ұжымымен кездесті.
Кездесуде Нұрбек Қарасаев алдағы сайлаудың маңызына тоқталып, сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын атап өтті.
-Әрбіріңіздің дауысыңыз сайлау үшін маңызды. Себебі облыс бойынша дауыс беруге құқылы тұрғындардың саны белгілі. Соған сай орталық сайлау комиссиясы дауыс беру парақтарын дайындап, облысқа жібереді. Сондықтан өздеріңізге тиесілі бюллетеньдерді дұрыс пайдаланып, дауыстарыңызды лайықты партияға беріңіздер. Дауыс беру бар болғаны жарты сағат уақытты алады. Ең бастысы өзіміздің саяси тұрғыда сауатты екенімізді көрсете білейік,-деді Нұрбек Қарасаев.
Мәслихат депутаттығына кандидат Нұрбол Оқуов «Қала жолдары» мекемесінің қала тазалығына қосып жатқан үлесін тілге тиек етті.
-Сіздердің еңбектеріңіз әрқашан бағалану керек. Қаланың тазалығын сақтауда күннің ыстық-суығына қарамастан тынбай еңбек етіп келесіздер. Облысымызда тұратын барлық халықтың жағдайы – «Amanat» партиясы үшін маңызды. Сондықтан сіздердің әрқайсыңыздың өтініш, тілектеріңіз, ұсыныс, пікірлеріңіз жерде қалмайды. Ол ескеріледі. Біздің партияның сайлауалды бағдарламасы да жергілікті халықтың мұң-мұқтажы ескеріліп жасалғанын айтып өткім келеді. Бұнымен тоқтап қалмай, сіздердің ой-пікірлеріңіз әлі де ескерілетін болады. Сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары жаңа жұмыс орындарын құру, медицина, білім, туризм саласын жаңғырту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған. Сондықтан алдағы өзгерістер – тек жақсылықтың жаршысы болмақ,-деді Нұрбол Оқуов.
Тапсырыс беруші: Н.Қарасаев.
Маңғыстау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.