23 жастағы шымкенттік жігіт 5-қабаттан құлап мерт болды

0

Полиция суицидке итермелеу нұсқасын қарастыруда:

«Бесінші қабаттан құлаған азамат қайтыс болды. 26 қазанда сағат 20.00 шамасында 1997 жылы туған жергілікті тұрғын Тұрысов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің бесінші қабатынан құлап, дене жарақатынан қайтыс болды », — деп хабарлады Шымкент қаласының ПД.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды, ҚР ҚК-нің 105-бабы 1-бөлігі «Суицидке апару» бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — дейді полиция.